Атап айтқанда Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ жанындағы балалар қоры және Ауған Денсаулық сақтау ұйымы елдің оңтүстігі мен шығысында полиамелитке қарсы екпе жұмыстарын жүргізудің 3 күндік науқанын жариялады. Өткен аптада Ауғанстанның оңтүстігінде осы сырқат кесірінен бес бала қозғала алмай қалды. Екпе жұмыстары қыркүйектің 19-да басталмақшы.