Accessibility links

Фарда радиосының тілшісі Парназ Азима Ираннан шығуға мұрсат алды


Иран билігі журналисті жеті айдан астам уақыт бойына елден шығармай ұстаған болатын. Иран билігі АҚШ пен Иранның қос азаматтығы бар Парназ Азиманың қаңтар айында науқас анасынынң халін білуге Техранға барғанда төлқұжатын алып қойған болатын. Журналистке ұлттық қауіпсіздікке қарсы жұмыс істеді, Иран мемлекеті туралы теріс насихат таратты деген айыптар тағылған еді. Азаттық радиосының президенті Джеф Гедмин Парназ Азиманың елден шығарылғанын құптап қарсы алып, бірақ оған тағылған айыптардың алынбағанына алаңдаушылық танытты.
XS
SM
MD
LG