Accessibility links

Израиль өзінің оңтүстігін күнде атқылайтын “Хамас” ұйымына “ауыр” жаза қолданбақшы


ТЕЛЬ-АВИВ: Бүгін Израильдің қауіпсіздік кабинеті Газа аумағын “жаудың заңды тұлғасы” деп жариялайтын шешім қабылдады. Баспасөз агенттіктерінің хабарлауынша, мұндай шешім Израильге Палестинаның өткен маусым айында экстремистік “Хамас” ұйымы басып алған Газа аймағына электр қуатын, су, жанар-жағар май беруін доғаруына мүмкіндік береді. Бұл - Газа аймағынан өзінің оңтүстігін күн сайын атқылап жатқан “Хамас” ұйымына қарсы Израильдің қолданатын ең ауыр жазасы болмақшы.
XS
SM
MD
LG