Accessibility links

Джон Болтон Вашингтон-Мәскеу қарым-қатынастарының кешегісі, бүгіні және келешегі жайында


АҚШ-ың БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі, қазір Вашингтонда орын тепкен қоғамдық пікір қалыптастырудағы американдық бастамалар институтының аға қызметкері Джон Болтон "Сайлау алдындағы Ресей: тұтастық па, әлде өзгеріс пе?" деген конференцияда өзінің бағдарламалық баяндамасын жасаған болатын. Осы баяндамада екі елдің қарым-қатынастарының дамуы тұрғысында бірқатар жайттарға тоқталған Болтон Буш әкімшілігі АҚШ пен Ресей арасында жаңа стратегиялық әріптестік байланыс орнатуға тырысқанымен, бірақ оған қол жеткізе алмады деп атап көрсетті.

Джон Болтон 2003 жылдан кейін АҚШ өзінің Ресеймен қарым-қатынасының табиғатын өзгерту мақсатынан айныды, алайда оған Ирақтағы соғыс себеп болды ма, немесе басқа себебі болды мен оны білмеймін деген.

- Соңғы үш жылда біз көріп келе жатқан ауытқушылық бұл түзеле қоймайтын жайт, бірақ бұл екі жақты қарым-қатынастан да ұзақ уақытқа арналған күш-жігерді және Ресейдің өзіндегі кейбір өзгерістерді қажет етеді. Әрине, ол Американың бақылауынсыз болғанда. Менің ойымша, мұнда уақыттың өзі маңызды.

Американдық бастамалар институтында жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Болтон 2001 жылы мемлекеттік хатшының қарулануды бақылау және халықаралық қауіпсіздік істері жөніндегі орынбасары болып тұрған кезінде 11 қыркүйек шабуылынан кейін Ресейде АҚШ-қа деген жақсы қалыптағы көзқарас болғанын айтты. Ол кезде бұл екі елдің екеуі де қарым-қатынас стратегиясын қайта қарау тұрғысында ойланып қалған болатын дейді Болтон. Оның пікірінше, сол сәтте Мәскеу Вашингтонның Ауғанстаннан Талибанды шығару күш-жігерімен ынтымақтастықта болған.

Содан бергі жерде 2003-2004 жылдарда Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас не себепті және қалай өзгеріп кеткендігінің себептерін толық түсіне алмаймын дейді Джон Болтон.

Осы кезеңнен бастап Ресейде АҚШ-пен бірқатар стратетиялық мәселелерде көзқарас айырмашылықтары туындады деген Джон Болтон.

Мәселен, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы турасындағы алтыжақты келіссөздер барысында Ресейдің ролі бұл мәселені оң шешуге көмектесетіндей бағытта болмады деп атап көрсеткен Джон Болтон, ал Иран мәселесінде АҚШ пен Ресей арасындағы пікір алшақтығы ұлғая түсті дейді. Бір кездері арағайындар Ресей Иранның қолына ядролық қару түсер болса, оның салдарлары қандай болатындығын түсінген сияқты деген ойға келгендей болған еді дейді.

Ал қазір болса жағдай басқаша деген ол былай деп атап өтеді:

- Иран турасындағы халықаралық талқылауларда, атап айтқанда Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесінің бірі ретінде Ресей Иранның принципті қорғаушысы болып көрінді, - деген Джон Болтон, мүмкін бұл Ресейдің экономикалық мүдделерінен болып отырған шығар дегенді айтады.

Болтон осылай дей келе Ресей әлемде Солтүстік Корея, Иран немесе Сириядан гөрі жоғары дәрежедегі достарды қажет етеді деп білуге болады дейді. Джон Болтонның Ресейдің атына жылы лебіз айтқан бір ғана мәселесі болды.

Ол БҰҰ Сербияның бөлініп кеткен Косово аймағының мәртебесі жайында шешім шығаруға хұқы жоқ деп, Ресейдің пікірталастырғаны, келтірген уәждері дұрыс ескерту деуге болады деп атап көрсетеді.

Қорыта келе Джон Болтон АҚШ-Ресей қарым-қатынастары соңғы алты-жеті жылда керемет теп-тегіс болмағанына қарамастан, бұл екі елді біріктіретін түпкілікті мәселелер бар дей келе, АҚШ байланыстарды жақсарта түсу мүмкіндігін жіберіп алғанымен де, бірақ ол толықтай қолдан шығып кеткен жоқ, әлі де мүмкіндік бар дейді. Бірақ оған, демек болашақ қарым-қатынастардың қалай қалыптасуына Ресей үкіметінің бағыты тікелей әсер ететін болады деп атап көрсетеді.

«Ресей авторитарлық, коммунистік бағытқа қайта бет алып бара жатқан сияқты, ал бұны қалай атасақ та, ол демократиялық өзгерістерге, баспасөз бен адам еркіндігіне жол ашпайтын саяси жүйе. Бұл біз үшін өте күрделі болары анық», деді Джон Болтон американдық бастамалар институты атынан сөйлеген бұл сөзінде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG