Accessibility links

Европада Мұхаммед пайғамбарды әжуалауға қатысты жаңа жанжал етек алды


Мұхаммед пайғамбардың бейнесін келемеждеп бұл жолы сурет салған Дания емес, Швеция елінің суретшісі. Ол қасиетті пайғамбардың басын иттің денесіне қондырып қойған. Мұсылман елдерінде мұндай карикатуристі жазалауды талап еткен наразылық өрбісе, Скандинавия елінде сөз еркіндігін талап еткен шерулер өтуде. Мұның бәрі де бұрыннан таныс жайттар сияқты.

Жазғы өнер көрмелері мүмкін белгісіздеу түрде, әлде есте қалар, қалмастай болып өте шығар ма еді, егер осы бір ғана жайт болмағанда. Швециялық карикатурист Ларс Вилкс бүкіл Ислам әлеміне қасиетті Мұхаммед пайғамбардың басын иттің денесіне қондырып қойған сурет салған.

Вилкс Азаттық радиосына берген сұхбатында өзінің мақсаты сурет өнеріндегі еркіндік шекарасын анықтау болғандығын айтады.

- Негізгі ойым әлемдік өнерде не нәрсе мүмкін және саяси тұрғыда не дұрыс емес дегенді зерттеу болды, өйткені мен пайғамбарды ит ретінде салудың саяси жағынан дұрыс емес екенін білдім. Мұнда ит болуының себебі мені шақырған көрменің тақырыбы ит тақырыбы еді. Мен үшеуін жасаған едім, көрмеде көптеген суретшілер болды, мұнда болған оқиға - ең соңғы сәтте бұл суреттер қауіпсіздік себептерінен цензураға ұшырады.

Осы суреттерді алып тастаудың өзі БАҚ-ның назарын қатты аударып кетті. "Nerikes Allehanda" деп аталатын газет сөз бостандығы мен цензура жайындағы өз карикатураларын жариялады. Осылайша наразылық өсе түсті. Жергілікті мұсылман топтары арасында, сондай-ақ Пәкістан мен Иран елдерінде шерулер өріс алды.

- Біз не себепті тек пайғамбар? Неге тек мұсылмандар? деп айттық.

Әжуа сурет жарық көрген Оребродағы Мұсылман мәдениет орталығының өкілі Жамал Ламхамди көптеген мұсылмандар шағымданған соң, газет редакторымен сөйлесіп, хат жібергендігін айтады.

- Оребродағы мұсылман қауымдастығындағы әрбір адам оның кешірім сұрауын қалайды, бірақ ол олай еткен жоқ, өйткені ол елдегі еркіндіктің бұл бір бөлігі деп айтты. Ал біз айттық, біз де осы еркіндіктің бір бөлігіміз, біз мұсылманбыз, осы елде тұрамыз, біз бұл елдің азаматтарымыз, мұндағы заңдарды, бәрін де сыйлаймыз, бірақ оның да шегі бар, сіз біреуді мазақтайсыз да, ол солай қала салмайды. Бұл өте күрделі мәселе. Хаттан кейін мен оған біз шеруге шығамыз дедім, өйткені елдің бәрі де ашулы еді.

Швециядағы бұл дау-дамай 2005 жылы Данияда Мұхаммед пайғамбардың басына бомба тәріздес бас киім кигізіп қойған келемеж сурет шыққаннан кейінгі туындаған жанжалмен өзара үндесіп жатыр десе болады.

Даниядағы жайт мұсылман әлемінде жаппай наразылық толқуларын туғызған еді. Дегенмен де бұл арада Швеция мен Дания арасындағы осы екі оқиғада бір айырмашылықтар бар.

Соның бірі Швецияның премьер-министрі Фредрик Реинфелдт өзінің даниялық әріптесінен гөрі бұл жанжалды басуға тезірек араласты. Ол осы айдың басында 20-дан астам мұсылман елінің елшілерімен кездесіп, адамдардың шамына тиетін мұндай жайттардың орын алғанына екі жағы да өкініш білдірді, сондай-ақ ой мен пікір еркіндігі болуы керектігі де айтылды.

Премьер мұсылман топтарымен де кездескен. Ламхмадидің айтуына қарағанда, оған қатысқандардың бәрі де жақсы көңіл-күйде қалған. Сейсенбі күні Стокгольмдегі семинарда өзінің карикатуралық суреті туралы тағы түсініктеме берген Вилкс полицияның кеңес бергеніндей суретін ешкімге көрсетпей жасырып, тығып тастамайтындығын, бірақ қауіпсіздікті қатайтатын шараларды қолға алатынын айтқан.

AzattyqTV

Павлодар мен Көкшетау

Көше атын өзгерту дау тудырды

XS
SM
MD
LG