Сирияға қарсы болған парламент мүшесі Антуан Ганемнің өліміне байланысты Ливан халқы аза тұтуда. Елдегі банктер мен мектептер және үкіметтік кеңселер жабылды. Ганем кеше Бейрутта орын алған жарылыстан қаза тапқан болатын. Бұрынғы үкімет басшысы Рафик Харири қаза болған 2005-ші жылдан бері көз жұмған бұл - 7-ші анти-сирияшыл тұлға. Кей Ливан басшылары оның өліміне байланысты Сирияны кінәлауда, бірақ ресми Дамаск оған біздің қатысымыз жоқ деп, ол қастандықты айыптады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV