Accessibility links

Косово полициясы заңсыз қару тасымалдады деген күдікпен бір албанды тұтқындады


Хабарларға қарағанда, Косово полициясы ислам экстремистеріне қару тасымалдады деген күдікпен этникалық албанды қамауға алған. Францс пресс агентігінің хабарына қарағанда, Байрам Аслани сәрсенбі күні кешкісін оңтүстік Митровицадан ұсталды. Ресми өкілдердің хабарлауынша, Асслани Сербияның оңтүстігіндегі Сандзак аймағында исламшыл жауынгерлерге қару-жарақ тасымалдады деген күдікпен ұсталды. Өткен аптада серб прокурорлары терроризм және басқа да айыптар бойынша 15 радикалды исламисті жауапқа тартқан.
XS
SM
MD
LG