Accessibility links

Сергей Лавров АҚШ Ресей жерін аңдығысы келеді деп мәлімдеді


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Шығыс Еуропада зымыраннан қорғану жүйесін орнатқысы келетін Америка Құрама Штаттары шын мәнінде Ресей жерін бақылап, шпионаж жасағысы келеді, бұл жердегі мақсат Еуропаны Иран зымырандарынан қорғау емес деп мәлімдеді. Ресей Еуропада радар бекетін қоюдың қажеті жоқ, Әзірбайжанда орналасқан Габала радар бекетін бірігіп пайдаланайық деген. Алайда АҚШ әкімшілігі техникалық себепті алға тартып, ұсыныстан бас тартқан болатын. Сергей Лавров мемлекеттік телекомпанияға берген сұхбатында Габала радар бекеті Ресейдің батыс шекарасы мен Орал тауы арасындағы территориясын бақылай алмайды, ал Чехияда орналасатын радар бекеті бақылай алады деп сипаттады.
XS
SM
MD
LG