Accessibility links

Мьянмада мыңдаған монах үкіметке қарсы шеру өткізді


Бүгін Мьянманың бірқатар қалаларында мыңдаған будда монахы елдегі әскери режимге қарсылық танытып көшеге шықты. Бұл үкіметке қарсы наразылық шараларды елдегі жоғары құрметке ие болып келген монахтар алтыншы күн өткізіп жатыр. Олардың шеруі үкіметтің бір ай бұрын жанар-жағар майға бағаны өсіріп жібергеніне қарсы қозғалыстың қозғаушы күші болып отыр. Хабарларға қарағанда, бұл 1988 жылдан бергі билікке қарсы болған үлкен қоғамдық наразылыққа айналды.
XS
SM
MD
LG