НЬЮ-ЙОРК: Сирияға Ресей қаруын сату Таяу Шығыстағы күштердің тепе-теңдігін бұзбайды. Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров осылай деп мәлімдеді. БҰҰ-ында сөйлеген сөзінде С.Лавров қару-жарақ сатудың қатаң бақыланатынын айтып, Мәскеуде Сирияға сатылған қарудың үшінші елге сатылғаны туралы мәліметтің жоқтығын атап көрсетті. Ресейдің сыртқы істер министрі Израиль мен Палестина арасындағы жанжалды үйлестіруге арналған АҚШ, Еуроодақ, Ресей және БҰҰ-ы өкілдерінің Нью-Йорктегі бас қосуына қатысты. Бұл кездесудің мақсаты Таяу Шығыс проблемасы бойынша арнайы халықаралық конференцияны ұйымдастыру болады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?