НЬЮ-ЙОРК: АҚШ-тың, Еуропа Одағының, Ресей мен БҰҰ-ының өкілдері Нью-Йоркте Израиль мен Палестина автономиясының арасындағы жанжалды талдауға жиналды. “Таяу Шығыс квартеті” деп аталатын бұл төрттіктің бас қосуы осы жанжалды реттеу мақсатындағы арнайы конференцияға әзірлену болып табылады. Осы бас қосудың барысында “Таяу Шығыс квартетінің” арнаулы өкілі Т.Блэрдің есебін тыңдайды. Бұл форумға АҚШ араб елдерінің, оның ішінде Сирия, Ливан және Сауд Арабиясының өкілдерін шақыруды жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес