Accessibility links

Иранда президентті сынаған Интернет-сайт жабылды


ТЕҺРАН: Баспасөз құралдарының хабарлауынша, Иран президенті М.Ахмадинеджадты сынаған Интернет-агенттіктің кеңсесі жабылды. Иран президентінің кеңсесі “Базтаб” Интернет-сайтының үстінен сотқа шағым берді. Бұл сайтты өткен сәуір айынан бері Иранда ашуға болмайтын, бірақ өзге елдердегі оқырмандарына ақпар таратып тұрды. Иран баспасөзінің хабарлауынша, “Базтаб” сайтының Иран төңкерісі ұланының бұрынғы бас қолбасшысы Мохсен Райеге қатысы болған көрінеді.
XS
SM
MD
LG