НЬЮ-ЙОРК: Ауғанстан тақырыбы бойынша Нью-Йоркте болып өткен халықаралық конференция экстремистердің “террорлық іс-қимылдарына” наразылық білдірумен аяқталды. Халықаралық форум, сонымен қатар, ресми Кабулды басқару тәсілдерін жетілдіруге, сыбайластық жемқорлыққа және заңсыз есірткі саудасына қарсы күресін күшейтуге шақырды. Ауған президенті Х.Қарзаймен бірге БҰҰ-ының Бас хатшысы Пан Ки-Мун тең төрағалық еткен халықаралық конференцияға 24 мемлекеттің, оның ішінде АҚШ, Иран, Пәкістан және т.б. елдер мен халықаралық агенттіктердің өкілдері қатысты.
Халықаралық форум Кабулды жемқорлық пен есірткі саудасына қарсы күресін күшейтуге шақырды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV