Accessibility links

Қазақстанда соңғы 8 айда инфляция 8,2 пайызды құрап, жоспарланған дәлізден артық болып шықты


Бұл туралы Астанада қыркүйектің 24 күні үкімет отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов хабарлады. Оның айтуынша, елде нан бағасы күрт қымбаттап кеткен. Ал нан зауыттарының иелері нан пісіруге кететін шығын өскен соң әлеуметтік өнімге жатқызылса да нан бағасын өсіруге мәжбүрміз деп отыр.

Үкімет отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов хабарлағандай жылдық көрсеткішпен есептегенде 8 айда инфляция 8,2 пайызды құрады. «Бұл біз жоспарланған дәлізден артық», - деді Кәрім Мәсімов. Салыстыратын болсақ дамыған елдерде инфляция көрсеткіші 2 жарым пайыздан аспайды. Үкімет басшысы нан бағасының күрт қымбаттап кеткеніне тоқталды.

«Шымкент, Астана, Алматы, Тараз және Атырауда баға ең жоғары деңгейге көтерілді», - деді премьер Мәсімов.

Премьер ауыл шаруашылығы министрлігіне келесі аптаға дейін нан бағасын тұрақтандыру үшін өз ұсыныстарын дайындауды тапсырды. Ал жергілікті әкімдерге ірі ұн және нан өндіруші кәсіпорындармен бағаны тұрақтандыру жөнінде келіссөздер өткізу тапсырылды. Ал ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 24 қыркүйектегі ақпарат бойынша комбайн бункерінен алынған 21 миллион тонна астық жиналды, оны тазалағаннан кейін қамбаға құйылатын таза астық салмағы азаяды. Әйтседе бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 7 миллион тоннаға артық. Министрлік мәліметінше, жиналған астықтың 97% бастырылды. Бірақ осыған қарамастан Астанада зауыттан шыққан бір бөлке нан бағасы дүкендерде 55 теңгеден Алматыда 60 теңгеден сатылып жатыр, дейді бақылаушылар. Астана тұрғыны Саида Керімбекованың айтуыншада нан бағасы күрт көтеріліп кеткен.

Ресми мәлімет бойынша «Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» акционерлік қоғамы биыл аймақтарда астықтың тұрақтандыру қорын құру аясында 3 миллион тоннаға жуық астық сатып алады. Бұл туралы баспасөз мәжілісінде ауыл-шаруашылық вице-министрі Ақылбек Күрішбаев хабарлады. Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы вице-президенті Александр Солюлев сатып алу бағасы 3-ші класс бидай тоннасына тұрақтандыру қоры үшін аймақтарға байланысты 180-190 АҚШ доллары аралығында болатындығын жеткізді. Осы компания өкілдері хабарлағандай нан бағасын тұрақтандыру үшін ірі наубайханаларға арзанырақ астық беріліп келген. Осындай астықты былтырдан бері алып келген Астананың едәуір тұрғындарын нанмен қамтамасыз етіп отырған «Цесна астық» корпорациясының ПиАр бөлімінің бастығы Гульнара Каленованың айтуынша астық шығынның едәуір бөлігін құрайтыны рас, бірақ өзгеде шығындар бар, дейді ол. «Соңғы 3 жылда компания нан бағасын көтермеген. Осы уақыт ішінде инфляция 22 пайыз болды, астық екі есеге өсіп, мазут 40 пайызға, электр қуаты 28 пайызға қымбаттаған. Оның сыртында Астанадағы орташа еңбекақы 52 пайызға өсті», дейді «Цесна астық» өкілі Каленова.

«Цесна астық» өкілі Каленованың айтуынша компанияның өз дүкендерінде зауыттан шыққан нан бағасы 42 теңге тұрады. «Әрмен қарай делдалдар баға үстіне пайдасын қосады. Біз ешқандай дотация алмаймыз, сондықтан әрмен қарай мемлекеттік шаралар жасалу керек шығар», дейді ол. «Және алда қалай болатынын білмейміз, қазір банктер несие бермей мараторий

жариялаған, сондықтан баға көтерілмейді не көтеріледі деп айта алмаймыз», дейді «Цесна астық» өкілі Каленова. Ал Шымкентте соңғы аптада ұн бағасы төмендедіғ бірақ нан бағасы сол күйінде қалды. Баспасөз мәжілісінде «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының облыстық өкілдігінің бас маманы Александр Лавриненко осындай ақпарат берді.
XS
SM
MD
LG