Accessibility links

Нури Әл-Мәлики Біріккен Ұлттар Ұйымының Ирақтағы рөлін арттыруға шақырды


Ирақ бас министрі Нури Әл-Мәлики Біріккен Ұлттар Ұйымының Ирақтағы рөлін арттыруға шақырды, Бағдадта қауіпсіздік мәселесі жақсара түсті деді. Ирақ бас министрі Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Бан Ки Мунмен келіссөз өткізді. Ирақ бас министрі, сол сияқты, Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райспен және жиырма шақты елдің жоғары ресми өкілдерімен, Ирақ көршілерінің өкілдерімен кездесті. Бұл кездесулерде Ирақта тұрықтылық пен саяси ынтымақ орнату мәселелері сөйлесілді.
XS
SM
MD
LG