Перу мемлекетінің бұрынғы президенті Альберто Фуджимори жеті жылдан соң еліне әкелінді, енді сотқа тартылмақ. Альберто Фуджимори 1990-2000 жылдары Перу елін басқарғанда коррупция қылмыстарын жасады, саяси мақсатта адам өлтірткен деп айыпталды. 69-жасар Альберто Фуджимори айыптар орынсыз дейді. Ол биліктен коррупция дауы жағдайында кетірілген болатын, Перуден қашып, бес жыл бойы Жапонияда жан сауғалап жүрді, сосын екі жыл Чилиде үй қамауында отырды. Чили Жоғары соты жұма күні Альберто Фуджимориді Перу еліне ұстап беруді бұйырған. Кеше ол Перу астанасы Лима қаласына полиция ұшағымен жеткізілді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
"Махмет ешкімге бейімделмейді". Қозыбаев Құлмағамбетті неге қаралады?
-
Владимир Сливяк
"Қазақстан емес, АЭС салуға Ресей ынтық". Сарапшымен сұхбат