Accessibility links

“Киото хаттамасының” орнына жаңа халықаралық келісім болуы мүмкін


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Бас хатшысы Пан Ги-Мунның мәлімдеуінше, әлем лидерлері ғаламдық ауа райының жылынуына қарсы Киото хаттамасын алмастыратын жаңа келісімге келуге “ең басты міндеттеме” алды. Бас хатшы бұл сөзін дүйсенбі күні ғаламдық ауа райының құбылуы тақырыбына арналған конференцияда айтты. Бұл форумға шамамен 80 мемлекет пен үкіметтің басшылары қатысу үстінде. “Киото хаттамасын” алмастыру жөніндегі келіссөз желтоқсан айында Индонезияның Бали аралында басталуға тиіс. Киото хаттамасы 2012-нші жылы күшін жояды.
XS
SM
MD
LG