Будда монахтары бастаған Мьянмадағы үкіметке қарсы наразылық шерулері 20 жыл ішіндегі ең үлкен шеруге айналды. Елдің үлкен екі қаласында бір аптадан аса жалғасқан ол шерулер тоқтатылсын деген әскери үкіметтің нұсқауына монахтар мән бермеуде. Он мыңдаған монах пен мен басқа да көтерілісшілер Янгон мен Мандалай қалаларында сегізінші күн шерулер өткізіп жатыр. Олардың шеруі үкіметтің жанар-жағар майға бағаны көтеруінен басталған. Көтерілісшілерге әзірге әскерилер кедергі жасамады.