БІШКЕК: Қырғызстанның экс-премьері әрі оппозиция лидері Ф.Кулов “Қырғызстанның жарқын болашағы үшін” біріккен майдан” қозғалысы өзінің іс-қимылын доғарады деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, “біріккен майдан” қырғыз конституциясын реформалау үшін құрылған болатын. Оның сөзіне қарағанда, Бішкекте сәуір айында болып өткен жаппай наразылық шеруінен кейін ол реформаларды қырғыз шенеунектерінің өздері іске асырып жатыр. Қырғызстанның Конституциялық соты Ата заңға өткен жылдың соңында енгізілген барлық өзгеріс пен түзетуді “заңсыз” деп тапты. Президент Қ.Бәкиев жаңа конституцияның жаңа үлгісін ұсынып, оны қабылдау үшін 24-інші қазанға референдум тағайындады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?