НЬЮ-ЙОРК: Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райспен келіссөз өткізді. Бұл кездесу сейсенбі күні БҰҰ-ының Нью-Йоркте басталған Бас Ассамблеясының сыртында болды. Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, олар Түркіменстандағы саяси бостандық пен тәуелсіз сот жүйесін дамыту, сондай-ақ табиғи газға бай Түркіменстан мен АҚШ компанияларының арасындағы ынтымақтастықты өркендету мәселелері сөз болды. К.Райстың ашық мәлімдегеніндей, Вашингтон Ашхабадтың жақын әріптесі болғысы келеді және Түркіменстанның тәуелсіздігін нығайтуға атсалысады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV