Accessibility links

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Мьянмаға жаза қолдану туралы ортақ пікірге келе алмады


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Мьянмадағы әскери хунтаның билікке қарсы сәрсенбі күнгі жаппай наразылық шеруін күштеп таратуына байланысты жаза қолдану туралы Қарар қабылдай алмады. Наразылық шеруін күштеп таратудың барысында кемінде 3 адам қаза болып, 10-даған кісі жараланды, 200-дей кісі тұтқындалды. Мьянмадағы әскери хунтаның іс-қимылына қарсылық білдіретін Қарар қабылдауға Қытай қарсы болды. АҚШ пен Еуропа Одағы ресми Янгонға жаза қолдануды талап еткен болатын. Бірақ та Қауіпсіздік Кеңес Мьянмадан Бас хатшының арнаулы өкілі Ибраһим Гамбариді елге жіберуді талап етті.
XS
SM
MD
LG