Accessibility links

АҚШ халықаралық қоғамды да Мьянмадағы хунтаны қыспаққа алуға шақырды


ВАШИНГТОН: Америка Құрама Штаттары халықаралық қоғамды бейбіт наразылық шерулеріне қарсы күш қолдануын доғару үшін Мьянманың әскери хунтасын қысымға алуға шақырды. АҚШ-тың өзі Мьянмаға жаза қолдану туралы шешім қабылдады. Оңтүстік Азия елдерінің Ассоциациясы – АСЕАН - өзіне мүше болып табылатын Мьянманың үкіметінен бейбіт шерулерге күш қолдануын дереу доғаруды талап етті. Осы елден алынған мәліметтерге қарағанда, Янгондағы бейбіт шеруді қуып тарату кезінде армия кем дегенде 9 адамды, оның ішінде 1 жапон журналисін өлтіріп, 11 кісіні жаралады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG