Бүгін Мьянмада әскерлер елдегі үлкен Янгон қаласындағы 2 мыңдай шерушіге қарсы әуеге ескерту оқ атты. Кейбір көтерілісшілерді жуан таяқтармен ұрып, көліктерге салып әкеткен. Өткен апта бойы көшені жапқан он мыңдаған адамның тобыры азайып қалды. Бүгін сондай-ақ, бұл елдегі қауіпсіздік күштері буддистердің монастырьларын басып алғанда, қоғамдық интернет байланысына қосылуды тоқтатып тастаған. Будда монахтары әскери билікке қарсы шерулерге жетекші болып келеді. Осы аптадағы наразылық акциялары барысында 10 көтерілісші қаза болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?