Accessibility links

Грузияда бұрынғы қорғаныс министрінің тұтқындалуына наразылықпен мыңдаған адам шеруге шықты


Иракли Окурашвили президент Михаил Саакашвилиді өзіне жақпаған белгілі тұлғаларды өлтіріп, көзін құртуға тырысты деп айыптаған еді. Бұдан соң оның өзін коррупцияға қатысы бар деген айыппен бейсенбі күні ұстаған. Окурашвили Саакашвилидің бұрынғы одақтасы, осы аптаның басында ол өзінің оппозициялық саяси қозғалысын құрған болатын. Кеше Тбилисидің орталығына жиналған мыңдаған адам мерзімінен бұрын парламенттік және президенттік сайлау өткізілуін талап етті.
XS
SM
MD
LG