Accessibility links

Жапония үкіметінің жаңа басшысы Ауғанстанға қолдау көрсетіле береді деп уәде етті


Премьер-министр Ясуо Фукуда Ауғанстандағы АҚШ бастаған әскери операцияларға Жапонияның теңіз тарабынан көмегі жалғаса беретіндігін тағы да қайталап айтты. Жапония 2001 жылдан бері қарай, террорға қарсы заңға сәйкес, Ауғанстандағы коалиция күштерін жанар-жағар маймен қамтамасыз етіп келеді. Бұл мандат үш рет ұзартылған болатын, соңғы мерзім 1 қарашада аяқталады. Алайда Жапония парламентінің оппозиция басымдық болатын жоғары палатасы террорға қарсы заң күшінің төртінші мерзімге ұзартылуына қарсы.
XS
SM
MD
LG