Accessibility links

Ауған президенті жанкештілік шабуылдан кейін терроризмге қарсы күресті күшейтуге шақырып отыр


Ауған президенті Хамид Қарзай Қабул қаласында 30 шақты адамның өмірін қиған жанкештілік шабуылдан кейін терроризмге қарсы күресті күшейтуге шақырып отыр. Ол шабуыл бүгін таңертең орын алып, оны үстіне Ауған сарбазының киімін киіп алып, Ауған әскерлерінің автобусына отырмақшы болған жанпидашы жасады. Ауғаныстанның қорғаныс министрлігінің өкілі ол жерде ауған әскерімен қатар бейбіт тұрғындар да құрбан болғанын айтуда.

“Өкінішке қарай, ол жарылыста кемінде 27 адам қаза болды, 20 шақты кісі жараланды. Құрбан болғандардың арасында бейбіт тұрғындар бар. Біз олардың отбасына көңіл айтамыз әрі ол шабуылды сынаймыз”, - деген министрлік өкілі Азими.

Бұл шабуылға жауапкершілікті Талибандар алып отыр.
XS
SM
MD
LG