Accessibility links

Ирақта 5,5 млн. мектеп оқушысы үшін жаңа оқу жылы басталды


БАҒДАД: Жазғы үзілістен кейін бүгін Ирақтың барлық мектебінде жаңа оқу жылы басталды. Ирақтың білім министрлігі, күтпеген жерден, қасиетті рамазан айының соңын күтпей-ақ 5.5 млн. оқушыға мектептердің есігін ашу керек деп шешті. Алғашқы хабарларға қарағанда, Бағдадта оқушылардың шағын бөлігі ғана мектептің табалдырығын аттаған көрінеді. Қаладағы қауіпсіздік халіне алаңдаған ата-аналар бірнеше күн тоса тұруды жөн көрсе керек. Бастапқыда білім министрлігі оқу жылының басталуын рамазан айының соңына қалдырған болатын.
XS
SM
MD
LG