Accessibility links

Украинадағы парламент сайлауында бақталас күштердің бірі де басым дауыс жинай алмайтын тәрізді


КИЕВ: Бүгін Украинада маңызды кезектен тыс парламент сайлауы басталды. “Еуропашыл” президент В.Ющенко мен оның “мәскеушіл” бақталасы әрі премьер-министр В.Януковичтің арасындағы қарама-қайшылықтардың салдарынан Украинада 2006-ыншы жылдың наурызынан бері саяси дағдарыс жалғасып келеді. Бүгінгі сайлаудың нәтижесінде бақталас жақтардың бірі де 450 депутаттан тұратын парламентте басым дауысқа ие бола алмайтын сияқты. Сайлаудың бастапқы қорытындысы шыға бастаған кезде коалициялық үкімет құру жөнінде кең келіссөздер қатар жүрмекші. Дауыс берудің барысын мыңдаған, оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 700 бақылаушысы қадағалайды.
XS
SM
MD
LG