МОСУЛ: Ирақ армиясының бөлімдері өткен 1 тәуліктің ішінде солтүстіктегі Әд-Диала, Салах Әд-Дин және Киркук облыстарында іске асырған операциясының барысында 40 партизанның көзін жойды. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, сондай-ақ армия осы облыстарда 3 бомбаны залалсыздандырды. Сонымен бірге бүгін солтүстіктегі Мосул қаласында қарақшылар сүнниттердің саяси қайраткері Мумтаз Махмуд Ибраһимнің автокөлігіне оқ жаудырып, өзі мен 3 оққағарын өлтіріп кетті. Сенбі күні Мосулда сүнниттердің 3 дін қайраткері мерт болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?