Accessibility links

Қытай Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын жабудың “үздік жолын” ұсынды


БЕЖИН: Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша Бежиндегі 6 жақты келіссөзге 2 күндік үзіліс жарияланды. Тараптар бірлескен мәлімдеменің мазмұнымен таныспақшы. АҚШ делегациясының жетекшісі К.Хилл Қытай жағы ұсынған мәлімдеменің жобасын “жан-жақты” әрі “Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын жабу мәселесінде берік келісімге келуге жол ашатын құжат” деп бағалады. Келіссөзге 2 Корея мен АҚШ, Ресей, Қытай және Жапония делегациялары қатысады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG