ЯНГОН: Бүгін Мьянманың астанасы – Найпидо қаласында БҰҰ-ының арнаулы өкілі И.Гамбари әскери хунтаның лидерлеріне жолығып, оларды елдегі наразылықты күшпен басып-жаншудан бас тартуға көндіріп көрмекші. Жексенбі күні Гамбари астанада әскери хунтаның бірнеше министрімен, ал Янгон қаласында демократиялық оппозицияның лидері әрі Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чимен кездесті. И.Гамбаридің басты мақсаты жаңа қантөгіске жол бермеу. Ал осы кезде армия бөлімдері мен полиция Янгон қаласының көшелерін әлі күзетіп жүр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Коммунизм мұрасы
Тасаға тығылған тас мүсіндер. Қазақстандағы совет ескерткіштері
-
"Ескертусіз қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV