Accessibility links

Еуроодақ өкілі Өзбекстандағы адам хұқтары жағдайы нашар күйінде қалып отыр дейді


Еуроодақтың жоғары лауазымды өкілі Брюссельде Еуропа Парламентінде сөйлеген сөзінде Өзбекстандағы адам хұқтарының жағдайы нашар күйінде қалып отыр деп мәлімдеді. Еуроодақтың адам хұқтары бойынша өкілі Риина Конканың айтуынша, Өзбекстан адам хұқтары жөнінде диалог ашуға ұмтылған Еуропа Одағымен іс жүзінде ынтымақтаспаған. Қазанның 15-і күні Еуроодақ сыртқы істер министрлері Өзбекстанға енгізілген бірқатар шектеулерді талқылауға тиіс. Өзбекстанға қарсы бұл санкциялар 2005 жылы Әндіжан қантөгісінен кейін енгізілген болатын.
XS
SM
MD
LG