Жексенбі күнгі сайлаудағы дауыстардың 90 пайызынан көбі саналса де Украинадағы парламенттік сайлауда нақты кімнің жеңіске жеткені әлі де белгісіз болып отыр. Украина сайлау комиссиясының Интернеттегі парақшасында “мәскеушіл” премьер-министр Виктор Януковичтің “Аймақтар партиясы” 34 пайыз дауысқа қол жеткізді, батысты қолдайтын Юлия Тимошенконың блогі 30.9 пайыз дауыс жинады, ал президент Виктор Ющенконы қолдайтын блок 14.3 пайыз дауысқа ие болды делінген. 2004 жылы “қызғылт-сары төңкерісінде” одақтас болған саяси күштер жаңа коалициялық үкіметті жасақтауы мүмкін. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бастаған халықаралық бақылаушылар миссиясы өзінің бастапқы есебінде Украинадағы парламент сайлауын “ашық әрі шынайы бәсекелестік жағдайында өтті” деп бағалады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Париж жаңғырығы
Паралимпиада жүлдегерлері қоғам назарынан тыс қалды ма?
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
Көкейкесті мәселе
АЭС референдумы: халықтың экологиялық құқығы сақталып жатыр ма?
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?