Accessibility links

Қазақстан ай сайын 1 млн. тоннадан астық экспорттай бастауға тиіс


АСТАНА: Қазақстанның ауыл-шаруашылық министрлігі биыл Қазақстан кем дегенде 10 млн. тонна астықты экспорттауға тиіс деп есептейді. Бүгін болып өткен үкімет мәжілісінде ауыл-шаруашылық министрі А.Есімов: “Биыл біз 22 млн. тонна астық жинадық. Ешқашан осыншама астық жиналған емес. Бұл – астық ең көп жиналған жылдардан 4 млн. тоннаға артық. Осы айдан әрі қарай ай сайын 1 млн. тоннадан эспорттай бастау керек. Болмаса біз көп астықтан да, табыстан да айрыламыз”, - деп мәлімдеді. Министрдің атап көрсетуінше, элеваторлар мен қамбаларда көп астық жиналып тұр.
XS
SM
MD
LG