Жаңа хабарламада Ауғанстаннан Талибан режимі қуылғаннан бергі жылдар ішінде ең көп қақтығыстар мен шабуылдардың осы жылы орын алғандығына назар аударылған. Кабулдағы БҰҰ-ның кеңсесі әзірлеген баяндамада жыл бойына қауіпсіздік күштеріне жасалған шабуылдар мен жанкештілік жарылыстар, адамдарды кепілдікке алу, қастандық жасау сияқты әрекеттердің 525 рет тіркелгені айтылған. 2006 жылы мұндай қақтығыстар саны 425 болған екен.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV