Қалалық соттың алдына наразылық шарасына жиналғандардың барлығы баспана үшін осы қалалық сотқа дейін шағым айтып алайда таулары шағылып жеңіліс тапқандар. Айтар сөздерін тыңдайтын құлақ таба алмағандар ендігі жерде осылайша наразылық білдіргенді жөн көріпті. Солардың бірі - Алматы қаласының Әйтеке би – Бәрібаев көшесі қиылысының тұрғыны Күләш Жансейітова.
- Бүгінгі жиналғандағы мақсатымыз - баспанамыздың тағдыры. Біз үйімізді қашан келіп сындырып кетеді деген үреймен отырамыз. Міне, 2 жыл болды бізден маза кеткелі. Құрылыс салушы компаниялар бірталай адамдардікін қорқытып алды. Енді кейбірін сотқа беріп жатыр. Менің екі бөлмелі үйіме осыдан жарты жыл бұрын 8-інші ықшамауданнан бір бөлмелі пәтер ұсынған болатын. Мен неге орталықтағы 2 бөлмелі пәтерімді 1 бөлмелі пәтерге беруім керек? Оның үстіне 8-інші ықшамауданда үйлер құлатылады деп жатыр. Енді біздің алдымызда талай соттар бар. Сол сот шешімдері әділ болса екен дейміз, - дейді К. Жансейітова.
Қаладағы жүргізіліп жатқан құрылыстарға қарсымыз. Биліктің үйлерді құлатып жаппай құрылыс жүргізуі құқығымызды бұзып отыр, дейді қара тұрғындары. Қолдарына «Жемқорлыққа жол жоқ!» және «Қалалық сот әр адамның меншігін, жерін, үйін еріксіз біреулерге тартып әперуді тоқтат!» деген плакат ұстаған олар, қалалық соттың төрағасы Нұрлан Момбековке өз қолдарымен петиция тапсыру үшін оның сот ғимаратынан сыртқа шығуын талап етті.
Алайда, тұрғындардың талабын есту үшін қалалық сот төрағасы сыртқа шыға қойған жоқ. Құрылыс салушы компаниялар мен тұрғындар арасында делдалдық қызмет атқарып келген «Алматыжер» компаниясы өздері ұсынған өтемақы құнымен келіспеген тұрғындары сотқа беріп жеңіп шыққан.
«Біздің тағдырымызды неге біреулер шешуі керек? Құрылыс компаниялары тұрғындармен неге келіссөзге отырмайды? Бізбен ешкім сөйлеспейді, тыңдамайды. Неге өмірімізді орта жолдан қиып тастауымыз керек? Біздің бала-шағамыз неге далада қалуы керек?», - дейді тұрғындардың бірі Күләш Жансейітова.
Наразылық шарасына қатысушылардың тағы бірі - Алматының іргесіндегі Қарасу елді-мекенінің тұрғыны Мая есімді әйел үш айдан бері далада қалыпты.
- Менің үйім тұрған жерді аукцион арқылы сатып алдым деп «Абажур» деген фирманың өкілдері келіп баспанамды құлатып кетті. Төсек-орын, киім-кешек дегеннен дым жоқ. 3 айдан бері далада аш-жалаңаш қалдық. 4 адам вагонда тұрып жатырмыз. Біз үкімет бар деп сеніп жүрміз ғой. Өткен сайлауда «Нұр Отанға» дауыс бердім. Мен соларға сенемін. Менің гарантым - президент. Қалай ғана мемлекет өз адамдарын далаға тастайды? Мен Қазақстанның азаматымын ғой, - дейді Мая.
Арада бір сағат өткенде ғимарат ішінен шығып, өзін қалалық сот өкілі деп таныстырған Хайрулина есімді әйел: «Қалалық сот төрағасы Нұрлан Момбеков сыртқа шыға алмайды. Бізде белгіленген тәртіп бар. Біз сол бойынша жұмыс істейміз. Үндеу қағаздарыңыз болса маған беріңіздер мен жеткіземін», деді.
Тұрғындардың наразылығы осымен аяқталып тарай бастады. Олардың талабы осы айдың 15-іне дейін қаралатын болды.