Кеме жасағына зияны тимес үшін ол нұсқаны бірнеше бекем құтыға салып жеткізген еді. Жерге жеткенше ол бактериялардың түрі де өзгеріп үлгерген екен. Жердегі салмонелла мен ғарыштан жеткізілген түрі зертхана жағдайында тышқанға егілген болатын. Қорытындының көрсетуінше ғарыштан жеткізілген бактерия жердегіге қарағанда үш есе қатерлі әсер етеді екен.
Мұндай ғылыми жаңалық - ғарышқа сапар шегетін астронавтар үшін жаман хабар. Сондай-ақ ғарышқа сапардың өзі адам ағзасының қорғаныс жүйесін әлсіретеді. Бактерия құрамындағы Hfq атты басты протейінді шектеп тастау ғарыш сапарларын қауіпсіз етер еді, дейді Аризона мемлекеттік университетінің профессоры Черил Никерсон. Тіпті бұл протейнді залалсыздандыру арқылы болашақта жердегі талай аурулардың емін табуға болады, деп сенеді зерттеушілер.