Accessibility links

Әлемнің шығысы мен батысы орта ғасырлық суфизм ақыны Жалал уд-Дин Румидің 800 жылдығын атап өтеді


ЮНЕСКО 2007 жылды парсының белгілі ойшыл ақыны Румидің 800 жылдығын атап өтетін халықаралық жыл деп жариялады. Шығыстың шайыры, ойшыл Жалал уд Дин Руми Батысқа ең көп танылған исламның белгілі ақыны болып қалуда. Оның өлең жолдарын Мадонна және басқа да поп жұлдыздары әнмен айтып жүр. Румидің жазылған поэмасынан үзінділер сондай-ақ, үлкен биллбордтардан да табылып отыр.

Румидің шығармашылық таланты шексіз болғаны сондай, тіпті оны ғалымдардың өзі аз сөзбен айтып жеткізе алмайды. Мұсылман қауымға Мавлана деген атпен танылған Румидің поэзиясы философиялық ойларымен, мәдени-әдеби ерекшелігімен әлемге қатты әсер қалдырды.

Мәскеудегі шығыс зерттеулері институтының ғалымы, ақын Наталья Пригарина Румидің поэзиясын орыс тіліне аударған. Оның айтуынша, Руми ұлы гуманист, философ, ақын әрі оның шығармасы адамдардың бір бөлігіне ғана емес күллі адамзатқа ортақ. Ол туралы Азаттыққа берген сұхбатында Наталья Пригарина Румидің үлесінсіз әлем поэзиясы мен философиясы мүлде басқаша болар еді деді:

“Румидің шығармашылығынсыз Ауғаныстан мен басқаларды айтпай-ақ қоялық үндістандық ақындар, Пәкістан, Малайзия және Индонезия ақындары болмас еді. Сіз білесіз мұндай мәселе қалай әсер ететінін. Адам таза су ішсе оның ағзасы тазарады деген сияқты. Бұл өте ұқсас нәрсе. Румидің әдебиеті жаныңды тазартады, қалыптастырады және адам қылады”.

Мавлана Жалал у-Дин Руми 1207 жылы қыркүйектің 30-да Ауғаныстанның Балқ уәлаятында туған. Ол өмірінің көбісін 1273 жылы көз жұмғанға дейін Түркияда өткізген.

Көптеген суфистер Руми шығармасындағы ең маңызды сөздер “Маснави-ие Манави” деген алты тармақтық жолдарда айтылған дейді. Бірақ, оның ойлары дін мен мәдениет шеңберінде әсіре айтылады.

Руми туралы Түркиядан тәуелсіз журналист Бахтиор Шохназаров Азаттыққа айтқанында:

“Мавлана Румидің философиясы әлемдегі ұлттар мен нәсілдер, адамдардың бәрі тең деген негізде құралады, ол жер жүзіндегі барлық адам бірдей деп біледі”.

Бірақ, негізінде көп елде адамдар Мавлананың жеке өздерінің шайыры сияқты иемденіп алған.

Ресейлік ақын, руми шығармасын аударған Пригаринаның айтуынша, Иран, Ауғаныстан және Тәжістандағы балалар Румидің шығармашылығын қандарына сіңіріп туған. Көптеген түріктер Румиді өз ұлттарынан шықты деп және ол парсы емес түрік тілінде жазған деген қате пікірлерін айтып жатады.

Пригаринаның сөзіне қарағанда, суффистер ғана тұрмайтын Түркияда Румидің атымен Мавлана деген тәтті кәмпиттер шығарылған. Орта Азияда да Румиді жақсы біледі. Тәжікстан осы жылы Мавлананың туған күніне орай бірқатар еске алу шараларын өткізді. Батыста басқа мұсылмандарға қарағанда, Румидің танымалдылығы өсіп барады. 20-шы ғасырда АҚШ-тың мәдениетінде Румидің махаббат туралы поэмасы аударылып, оны белгілі әнші Мадонна айтты. Америкада Румидің поэмалары ағылшын тіліне аударылып, 500 мыңнан аса данасы таратылды.

Стокгольмдегі діндерге қатысты Университеттің профессоры Кристер Хедин Азаттыққа берген сұхбатында, Румидің танымалдылығы оның поэамысынң оңай оқылып, түсіну қиындығында болып отыр, сонысымен ол қызығушылық тудырады деді:

“Руми адам мен құдай арасы туралы өте жұмбақ өлеңдер жазған. Ол мәселен әлемдегі ғашықтық туралы жырлар жазғанда суреттеп, метафоралар қолданған. Сөйтіп, оның жазғандары басынан бастап сені баурап алады. Сосын сен бір сәтте оның жазғандары адам мен жаратушы арасындағы байланыс туралы екенін түсінесің. Сондай-ақ, сен әдеби жолмен сүреттелген ғашықтық өмір туралы түсінесің”.

Сонымен қатар, Минессота штатындағы Университеттің тарихшы профессоры Ираж Башир Румидің жазғандарын әлі де көп оқу керек, оның идеялары мен адамдарға қатысты ұстанымдары бүгінгі күні баршаға қажет дегенді айтады.

Сонымен ЮНЕСКО 2007 жылды Румидің халықаралық жылы деп жариялап, ақынның аты жазылған медаль шығарды. Ол шара ақынның қалдырып кеткен әдеби мұрасын, ойларын әлемге тарату мақсатында қолға алынды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG