Accessibility links

Қазақстан мен Ресей басшылары Каспий теңізі жағалауындағы транспорт дәлізі мәселесін талқылады


Ресей мен Қазақстан президенттері бейсенбі күні Новосібір қаласында кездесіп, Каспий жағалауында транспорт дәлізін құру жөніндегі жоспарды талқылады. Демалыс күндері Душанбеде өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы басқосуының алдында Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей шекаралас аймақтары басшыларының форумына қатысқан болатын.

Талқыланған негізгі мәселелердің арасында энергетикалық ынтымақтастық, атап айтқанда, Түркменстан мен Қазақстанның табиғи газы мен мұнайын Ресей арқылы экспорттау мәселесі болды. Осы үш елдің президенттері бұл мәселе жөнінде мамыр айында келіскен болатын.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев форумда сөйлеген сөзінде Ресей президенті Владимир Путинмен талқылаған жоспарларымен бөлісті.

“Бүгін біз Владимир Путин екеуіміз Каспий жағалауында транспорт дәлізін құру жөніндегі ұзақ-мерзімді жобаны талқыладық. Қазақстан Каспий аймағында заманауи құрылымды салып жатыр. Ресей, Қазақстан және Түркменстанның газ құбырын салу мақсатындағы келісіміне сәйкес, аталған құрылым солтүстіктен оңтүстікке созылатын Каспий жағалауындағы халықаралық энергетика және транспорт дәлізінің орталық элементі болады”, - деді Назарбаев.

Жаңа дәліз бойынша энергия көздеріне мұқтаж болып отырған Еуропа елдеріне газ бен мұнай экспортталмақ. Сондай-ақ, ақыр аяғында энергоресурстарды Иран арқылы Парсы шығанағына, ал ол жерден Үндістан сияқты Азия елдеріне шығаруға мүмкіндік болады.

Қазақстан, Ресей, Түркменстан басшылары әлгі дәліздің Иран жағына әзірше онша көп назар аудармады.

Назарбаевтың мәлімдеуінше, осы жаңа дәлізді дайындауға қатысты жұмыс Қазақстанда басталып кеткен. Оның сөзіне қарағанда, энергия ресурстарын түрлі жолдармен, яғни құбыр, кемелер, тіпті тас жол арқылы тасымалдау мәселесі қарастырылады.

“Парсы шығанағы мен Балтық теңізін қосуға бағытталған жобаның алғашқы кезеңіне Ресей, Қазақстан,Түркменстан қатысатын болады. Болжам бойынша Каспий жобасына қатысты теміржолдар мен тас жолдар, электр желілері мен газ және мұнай құбырлары сияқты жоғарғы технология жүйесін құру мәселесі қарастырылған”, - деді Назарбаев.

Ресей компаниялары Каспий маңайындағы Құрық қаласында Қазақстанның ең үлкен теңіз портының құрылуына инфестиция салуға дайын тұр.

Сонымен қатар, Назарбаев “Каспий тегізі бассейні мен Қара теңіз және Азов теңізі бассейндерін қосатын” жаңа каналдар құрылуы мүмкін деп мәлімдеді.

Назарбаев пен Путин, сондай-ақ, Каспий Теңізінің заңды мәртебесін талқылады. Бұл мәселе осы айдың аяғында Теһранда өтетін Каспий теңізі маңындағы елдердің саммитінде көтерілетін болады.

Екі ел президенттері шекара мәселесін талқылады. Олар Қазақстан мен Ресей шекарасында есірткі тасымалы мен заңсыз иммиграцияны тоқтатуға қатысты алғабасушылықтар жасалды деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG