НЬЮ-ЙОРК: Мьянмадағы бейбіт шеруге қарсы күш қолданылғанын БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун “жеркенішті де жол беруге болмайтын әрекет” деп бағалады. Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде Бас хатшы Мьянмада адамның құқын бұзу жайттарының жалғасқаны туралы баяндамадан кейін оған өзінің алаңдайтынын айтты. Пан Ги Мун, сонымен қатар, Мьянманың әскери хунтасын “қоғамды демократияландыруға батыл кірісіп”, “адамның құқын құрметтеуге” шақырды. Қауіпсіздік Кеңесінде өзінің Мьянмаға сапары туралы есеп берген Бас хатшының арнаулы өкілі И.Гамбари әскери хунтаның қуған-сүргін саясатын халықаралық қоғам ескерусіз қалдырмайды деп ескертті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады