Accessibility links

Қабулда жанпидашы жарылыс жасап, 5 адам қаза болды


Бүгін Қабулда орын алған жанкештілік шабуылдан кемінде 4 ауған азаматы мен бір американ сарбазы қаза болды. Шабуыл АҚШ-тың әскери керуенін нысанаға алған. Бұл жарылыстан сонымен қатар бірнеше адам жарақат алып, американ әскері де жараланды. Шабуылға жауапкершілікті Талибандар алып отыр. Бұл соңғы сегіз күннің ішінде Қабулда болған үшінші жанкештілік шабуыл. Алдыңғы шабуылдардан 40-тан аса полиция мен ауған күштері мерт болған.
XS
SM
MD
LG