Accessibility links

Махмұд Ақмединижат АҚШ елімізге қатысты саясатын өзгертпесе, ешқандай келіссөз жүргізбейміз деді


Иран президенті Махмұд Ақмединижат Америка Құрама Штаттары елімізге қатысты саясатын өзгертпесе, ешқандай келіссөз жүргізбейміз деп мәлімдеді. Дегенмен, Иран президенті Америка Құрама Штаттарынан мұндай ұсыныстың түспегенін айта кетті. АҚШ президенті Джордж Буш өткен аптада сөйлеген сөзінде Иран ядролық бағдарламасын тоқтатса келіссөз жүргізуді ойланамыз деген. Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі кеше жасаған сипаттамасында келіссөздің әділ жағдайда өткенін қалаймыз, ешқандай алдын-ала шарт қойылмау керек, екеуара сыйластық болу керек деді.
XS
SM
MD
LG