Accessibility links

Романо Проди Астанада Нұрсұлтан Назарбаевпен және Кәрім Мәсімовпен келіссөз өткізеді


Италия бас министрі Романо Проди кеше Қазақстанға келіп жетті. Ол Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және бас министр Кәрім Мәсімовпен келіссөз өткізеді деп күтіліп отыр. Романо Проди Италияның "Ени" компаниясы бастаған халықаралық консорциум мен Қазақстан үкіметі арасындағы проблемаларды шешу жолдарын қарастырмақ. Каспий теңізінің солтүстігіндегі Қашаған мұнай кеңорнын игеруді басқаратын "Ени" компаниясы мұнай өндіруді 2005 жылдан бері бірнеше рет кейінге қалтырды. Қазақстан үкіметі Қашағандағы жұмыс тоқтатылсын деп бұйырды, "Ени" компаниясымен жасалған контрактіні бұзуымыз мүмкін дейді.
XS
SM
MD
LG