Accessibility links

Ирақ шииттерінің біріккен одағы келісімді құптап қарсы алды


Ирақ премьер-министрі Нури әл-Маликидің билік басындағы біріккен шииттер альянсы елдегі шииттердің ықпалды деген екі жетекшісі арасында бұдан былай қантөгісті болдырмау, оның алдын алу шаралары туралы келісімге қол жеткізілуін қуаттап қарсы алды. Аталған келісім Мұхтада ас-Садр мен Абдул Азиз Хакимнің арасында жасалған еді. Ол екеуінің жақтаушылары Ирақтың шииттер басым тұратын оңтүстік аймағындағы елді мекендерді өз бақылауларына алу үшін өзара қырқысып келген болатын.
XS
SM
MD
LG