Accessibility links

Қазақстан “Эни” компаниясына қатысты келісім-шартты қайта қарамайды


Қазақстан Қашаған кен орнын игеру бойынша Италияндық “Эни” компаниясымен жасалған келісім-шартты қайта қарауға ниетті емес. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Италия премьер-министрі Романо Продимен өткізген келіссөздерінен кейін хабарлады. Каспий теңізінің солтүстігіндегі Қашаған мұнай кен орнын игеруді басқаратын "Эни" компаниясы мұнай өндіруді бірнеше рет кейінге қалдырған болатын. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі "Эни" компаниясымен жасалған келісім-шартты бұзуымыз мүмкін деп қауіптендірген еді.
XS
SM
MD
LG