Accessibility links

Британия бас министрі Ирақтағы әскердің санын қысқартамыз деп жариялады


Гордон Браун мұны кеше Британия парламентінде айтты. "Әскер басшыларымен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Ирақ үкіметімен, одақтастарымызбен егжей-тегжейлі сөйлескен соң, сол жердегі жағдайды талқылап, Ирақ оңтүстігіндегі әскеріміздің санын келесі жылдың көктемінен бастап, екі жарым мыңға дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз", - дейді Гордон Браун. Британия әскері негізінен Басра қаласының шетінде орналасқан. Гордон Браун, сол сияқты, Сирия мен Иранға қайырылып, "терроршыл жаугерлерді қолдауларыңызды тоқтатыңыздар" деді.
XS
SM
MD
LG