МӘСКЕУ: Бүгін Франция президенті Н.Саркози ең алғашқы сапарымен Мәскеуге келеді. Өткен мамыр айында ғана сайланған Н.Саркози Ресей президенті В.Путинмен жүзбе-жүз келіссөз өткізеді. Бұл келіссөзді алдыңғы францұз президенті Ж.Ширактың келіссөзімен салыстыруға болмайды. Өйткені, таяуда Н.Саркази “Мәскеу халықаралық проблемаларды күрделендіріп жіберді” деп Ресейді өткір сынаған болатын. Оған қоса ресми Париж бен Мәскеу бірқатар халықаралық проблема бойынша, оның ішінде Косово бойынша қарама-қарсы көзқарас ұстанады. Сонымен қатар Н.Саркози Иранға қарсы оның ядролық бағдарламасы үшін БҰҰ-ының қосымша жазасын шығаруға шақырса, Кремль оны қолдамай отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV