БАҒДАД: Бүгін Ирақта автобомбалардың жарылыстарынан 30-дан аса адам құрбан болды. Елдің солтүстігіндегі Байджи қаласында болған 2 жарылыстан қаза тапқан адамдардың саны 22-ге жетті. 2 автобомбаның көліктің бірі Байджи полициясының бастығы тұрған үйдің маңында, ал екіншісі – АҚШ әскерімен бірге “Әл-Қаида” күштеріне қарсы шайқасқан жергілікті жасақтардың қолбасшысы тұратын үйдің жанында бір мезгілде жарылып, екеуі де аман қалды. Сондай-ақ бүгін Бағдадта қатарынан 4 автобомбаның жарылыстарынан кем дегенде 12 адам қаза болып, 60-тан астам кісі жараланды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?