Франция президенті Николас Саркози Иран ядролық бағдарламасы мәселесінде және Косово мәртебесі мәселесінде Ресей президенті Владимир Путинмен көзқарастарымыз жақындай түсті, дегенмен кейбір пікірлеріміз алшақ деп мәлімдеді. Николас Саркозиді президент Путин кеше Мәскеу маңындағы резиденциясында қабылдады. Николас Саркозидің журналистерге екеуара кездесуден кейін айтуына қарағанда, президент Путин Иранның ядролық қару өндіру мүмкіншілігіне сенеді, бірақ Иран бұл мақсатқа ұмтылып отыр дегенді жоққа шығарады. Франция мен Америка Құрама Штаттары Иран күдікті ядролық бағдарламасын тоқтатқан жоқ, сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан жаңа санкциялар жасалсын дейді. Ресей бұған қарсы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"