Accessibility links

Владимир Путин Эстония мен Латвияда нацизм дәріптеліп жатыр деп айыптады


Ресей президенті Владимир Путин Эстония мен Латвияда нацизм дәріптеліп жатыр, Еуропа Одағы бұған еш назар аудармай отыр деп айыптады. Путин бұл сөзін кеше Кремльде Еуропа Еврейлер Конгресі мүшелерімен кездескенде айтты. Путин, сол сияқты, Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде нацистерге де қарсы, Совет әскеріне де қарсы соғысқан Украина партизандарының ардагерлері де саясат сахнасына шығарылып қойды деп сынады. Путин, сонымен қатар, Ресейде антисемиттік оқиғалар мен шовинистік және ұлтшылдық бағыттағы демонстрациялар орын алып жатыр деп мойындады.
XS
SM
MD
LG